Ішкі істер министрлігі сотталған Дамир Дәуітов 28 ақпанда ұсталғанын хабарлады, – деп жазады Tengrinews.kz.
«Алматы қаласы ҚАЖД және Ақтөбе облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қашып кеткен сотталушыны ұстады. Алматы Полиция департаменті аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 426-бабы («Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр»,– делінген ресми хабарламада.
Ер адам алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған.
Ведомство өкілдері ҚАЖК-да қызметтік тексеріс жүргізді. Заңбұзушылыққа жол берген қызметкерлерді тәртіптік жазаға тартты.