Nur Otan: Жетекші партия жетістікке қалай жетті?
Nur Otan: Жетекші партия жетістікке қалай жетті?
1,018
оқылды

Nur Otan-ның қалыптасу және даму тарихы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Елбасының тікелей басшылығымен партия жетекші саяси күшке ие болды. Бұл туралы nurotan.kz жазды.

Партия тарихына үңілсек, 1999 жылы 19 қаңтарда Президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевты қолдау үшін Қоғамдық штабты «Отан» республикалық партиясы етіп қайта құрды. 12 ақпанда «Отан» республикалық саяси партиясы» ҚБ тіркелді.  1 наурызда «Отан» РСП-ның I құрылтай съезі өтті. «Отан»  РСП-на Қазақстанның Халық бірлігі партиясы, Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстанның либералдық қозғалысы, «Қазақстан – 2030 үшін» қозғалысы кірді. 18 тамызда «Отан» РСП-ның кезектен тыс II съезі өткен болатын. [caption id="attachment_115564" align="aligncenter" width="508"] width= «Отан» Республикалық саяси партиясының I съезі, 1999 жыл, Алматы қаласы.[/caption]   [caption id="attachment_115565" align="aligncenter" width="562"]партия «Отан» РСП-ның мүшесі Н.Ә. Назарбаев куәлігінің көшірмесі, 1999 жыл, Алматы қаласы[/caption]   [caption id="attachment_115566" align="aligncenter" width="557"] width= Н.Ә. Назарбаевтың партияға қабылдау туралы өтінішінің көшірмесі, 1999 жыл[/caption]   Nur Otan партиясының құрамында жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында 2000 жылы 4 қаңтарда «Жас Отан» Жастар қанаты құрылды. 2001 жылы 20 сәуір «Отан» РСП-ның III съезі (Отан). «Отан» РСП-ның доктринасы қабылданды. «Отан» республикалық саяси партиясының III съезі Алматы қаласында өтті. 2002 жылы 9 қарашада «Отан» РСП-ның кезектен тыс IV съезі өтті. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған партиялық бағдарлама бекітілді. Қазақстанның Халықтық-кооперативтік партиясы, республикалық саяси Еңбек партиясы «Отан» РСП-ның құрамына кірді. 2003 жылы 12 шілде «Отан» РСП-ның кезектен тыс V съезі өтті. 2004 жылы 12 наурыз – «Отан» РСП-ның кезектен тыс VI съезі, 18 шілде – «Отан» РСП-ның кезектен тыс VII съезі, 19 қыркүйек – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының сайлауы өтті. 2005 жылы 31 мамыр – «Отан» партиясы Орталық аппараты Алматыдан Астанаға көшті. 9 қыркүйекте «Отан» РСП-ның кезектен тыс VIII съезі өтіп,  қараша айында «Отан» РСП-ның қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды. 2006 жылы 4 шілдеде «Отан» РСП-ның кезектен тыс IX съезі, «Асар» партиясымен бірікті. 22 желтоқсанда «Отан» РСП-ның кезектен тыс Х съезі өтті. Азаматтық және Аграрлық партиялары қосылды. «Отан» РСП-ның атауы «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы болып өзгертілді. 2007 жылы 4 шілдеде «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс XI съезі өтті. 18 тамыз – Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп, 11 қыркүйекте «Нұр Отан» ХДП-ның Парламентаризм институты (қазіргі – «Нұр Отан» ХДП-ның Стратегиялық бастамалар институты) құрылды. 2008 жылы 3 наурызда партия жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес құрылды. 25 қарашада партияның Орталық аппаратының Партиялық бақылау комитеті құрылды (қазіргі – Партиялық бақылау қызметі). 2009 жылы 15 мамырда «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс XII съезі өтті. 2010 жылы 26 мамырда «Нұр Отан» ХДП-ның Жоғары партия мектебі құрылды (қазіргі – «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент академиясы). 2011 жылы 12 қаңтар – «Қазақстан – 2020» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы құрылды (қазіргі – «Қазақстан –2050»). 11 ақпан – «Нұр Отан» ХДП-ның XIII съезі, 25 қараша – «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс XIV съезі өтті. 2012 жылы 27 қаңтарда Мәжіліс депутаттарының сайлауы өтті. 16 қараша – «Жас Отан» Жастар қанатының II съезі, 14 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдау жариялады. 2013 жылы 18 қазан – «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс XV съезі өтті. Партия доктринасы қабылданды. «Нұр Отан» ХДП атауын «Нұр Отан» партиясы деп ауыстырды. 2014 жылы 11 қарашада «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауын Қазақстан халқына жолдады. «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы бекітілді. 2015 жылы 11 наурызда «Нұр Отан» партиясының XVI съезі, 9 сәуірде «Жас Отан» Жастар қанатының кезектен тыс III съезі өтті. 2016 жылы 29 қаңтарда «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі, 20 наурызда Мәжіліс депутаттарын сайлау өтті. 2017 жылы 3 қарашада партияның жаңғыртуына бастау берілген партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. 2018 жылы 28-29 наурыз күндері «Жас Отан» Жастар қанатының IV съезі өтті. 1 маусым – партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы, 15 қараша – бастауыш партия ұйымдарының I форумы болды. 2019 жылы 27 ақпанда Nur Otan партиясының XVIII съезі өтті. Партия ребрендинг жасады. Партияның 2030 жылға дейінгі «Әл-ауқаттық қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдарламасын қабылдады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan нақты істердің партияcы екенін айтқан болатын.