«Дәрігер шақырмаған» – 2-сынып оқушысы өлімінің себебі айтылды
«Дәрігер шақырмаған» – 2-сынып оқушысы өлімінің себебі айтылды
111
оқылды

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы елордада жұмбақ жағдайда көз жұмған қызға қатысты түсінік берді, — деп хабарлады «Қазақпарат».

Басқарманың хабарлауынша, дәрігерлер 13 қаңтарда жасөспірімнің үйінде болған. Ал қыз бала 14 қаңтар күні көз жұмған.

Елордалық полиция департаменті 2-сынып оқушының өз үйінде қайтыс болғанын хабарлаған еді.

Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы: «Жедел жәрдем бригадасы келгенше, қыз бала өз үйінде қайтыс болды. Олар емханадан дәрігер шақырмаған. Отбасында төрт бала болған және кіші бауырлары да жедел респираторлық вирустық инфекциямен ауырған. Оларға дәрігер шақырғанда ата-анасы тұңғыш қызын да тексеруді сұраған. Онда қыздың жағдайы қалыпты болған, дәрігерді күтіп алып, пәтерді көрсеткен. Бірақ, онда ЖРВИ алғашқы кезеңі болуы мүмкін, оған еш антибиотик тағайындалмаған. Өлімнің нақты себебі белгісіз, оны сот-медициналық сараптама анықтайды», – деп хабарлаған.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.