6 жасар қыз апаттың алдын алды
6 жасар қыз апаттың алдын алды
152
оқылды

Ақмолалық полицейдің 6 жасар қызы өртеніп жатқан көлікті байқап қалып, дер кезінде ата-анасына айтқан. Оқиға Көкшетау қаласының Юбилейный шағын ауданында 25 ақпан күні болған,– деп хабарлады Polisia.kz.   

Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығы Серік Баймұқановтың 6 жасар қызы ұйықтауға бара жатып, терезеден аулада тұрған көліктің астынан шығып жатқан ұшқындарды көріп қалған. Қауіпті жағдайда не істеу керек екенін жақсы білетін Нұрия бірден әкесіне хабарлаған.

Серік Керімбайұлы анасы мен әйеліне өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалуды тапсырып, ойланбастан көшеге шыққан. Өрт шыққан көліктің жанында басқа да көліктер тұрған. Ол көлік иелерінің назарын аудару үшін басқа көліктердің де дабылын іске қосқан. Көлік иелері сыртқа шыққан соң көліктерді өрттен алыстатуды өтініп, сыртқа шыққан жастармен бірге өртті сөндіруге кіріскен. Осылайша кішкентай қыз қырағылығының арқасында үлкен апаттың алдын алды.