5 өңірде ескерту жарияланды
5 өңірде ескерту жарияланды
127
оқылды
Қазақстанда бес облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды,– деп хабарлайды  "Қазгидромет" РМК. 2 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. 2 наурызда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с-қа жетеді. Шымкентте ертең күндіз батыстан соққан жел 15-20 м/с-қа күшейеді. 2 наурызда Шығыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр, қар жауады. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Кей жерлерде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Өскеменде ертең күндіз жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, түнде екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Семейде ертең күндіз жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болуы мүмкін. Жаяу бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, түнде екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. 2 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. 2 наурыз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Оралда ертең күндіз көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с-қа жетеді.