2020 жылдың IV тоқсанында елде 15 пен 28 жас аралығындағы 76,6 мың жұмыссыз жас тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 5,5 пайызға аз. Олардың ішінде 32,5 мың ер адам және 44,1 мың әйел адам бар. Оның 48 мыңы қалаларда, 28,6 мыңы ауылдық жерлерде тұрады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,6 пайыз болған. Әйелдер арасында жұмыссыздық деңгейі – 4,4 пайыз, ерлерде 2,9 пайызды құрайды. Өңірлер бойынша жұмыссыз жастардың басым бөлігі Алматыда тұрады. Қазақстан бойынша халықтың 18,9 пайызы немесе 14,5 мың адам жұмыссыз. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 12,5 пайызға аз. Одан кейін Алматы (9,7 мың адам) және Түркістан (6,7 мың адам) облысы тұр. Жұмыссыздар саны өскен облыстар қатарында Солтүстік Қазақстан (жылына 34,3 пайызға) және Павлодар (33,9 пайызға) облыстары бар. Әр өңірде көрсеткіш 2,1 мың адамға дейін өскен. Сондай-ақ Ақмола облысында жұмыссыздар саны айтарлықтай өскен. Атап айтқанда, 2,4 мың адамға дейін артқан. Яғни, жылдық өсім – 22,8 пайыз. Сол сияқты көрсеткіштің төмендеуі байқалған өңірлер де назардан тыс қалмады. Нақтырақ айтқанда, жұмыссыздық көрсеткішінің азаю фактісі Ақтөбе облысында тіркелген. Облыста бар болғаны 1,2 мың жұмыссыз бар екен. Жұмыссыздар ішінде 21,1 мың адам (бір жыл бұрынғыға қарағанда 21 пайызға көп) үш айдан алты айға дейін жұмыс іздейді. Тағы 21 мың адам бір айдан үш айға дейін жұмыс табуға тырысады (жылына минус 22 пайыз) екен. 14,5 мың жас алты айдан бір жылға дейін жұмыс іздейді, 13,9 мыңы бір айдан аз уақытта жұмыс табады. 102 адам жұмысты немесе бизнесті бастау туралы келісім алған.Айша ЕРСҰЛТАН