Белсенділер партия қатарына қабылданды
Белсенділер партия қатарына қабылданды
160
оқылды

Түркістанда 1 наурыз – Партия күніне орай бірқатар азаматты «Nur Otan» партиясына қабылдау іс-шарасы өтті. Жиын барысында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев аудан, қалалардан келген 10 азаматқа партия куәлігі мен төсбелгісін тапсырды.

– Осыдан 22 жыл бұрын 1 нау­рызда «Nur Otan» партиясы құрылып, содан бері 1 наурыз Партия күні ретінде аталып өтіліп келеді. Осы айтулы сәтке және Алғыс айту күніне орай, партия­мыздың Түркістан облысында 100-ге жуық азамат «Nur Otan» партиясы қатарына қабылданып отыр. Оның ішінде өздеріңізді «Nur Otan» партиясының Түр­кіс­тан облыстық филиалында қа­былдауды жөн көрдік. Мүшелікке өткендер арасында спортшылар, кәсіпкерлер, мұғалімдер, мемле­кеттік қызметкерлер және өзге де сала өкілдері бар. Баршаңызды құттықтай отырып, елге адал қызмет етеді деп сенемін, – деген Б.Дәулетұлы көпшілікті Алғыс айту күні мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Жалпы, бүгінде Түркістан облысында 244 бастауыш партия ұйымының құрамында 79 305 партия мүшесі бар. Оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастар 5 833 болса, әйелдер 52 879-ді құраған. Партия мүшелерінің басым көп­шілігі білім беру, денсаулық сақтау, шағын және орта бизнес және өзге де сала өкіл­дерінен жасақталған. 2020 жылдан бері партияны қайта жаңғырту бойынша 14 мыңдай адам партия мүшесінен шығары­лып, 7 мыңнан астам адам қабыл­данған. Олардың көпшілігі был­тыр праймериз кезінде қатарға қосылған. Айтулы шарада партия қата­рына қабылданғандар арасында бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі, Азия чемпионатының қола жүлдегері Назым Әбдіхан және өз салаларында жетістікке же­тіп жүрген өзге де үздік маман­дар болды. «Мақсатымыз – елге қызмет ету», – дейді жаңадан пар­тияға қабылданған азаматтар.

Әбілмансұр ЖАСАН