Шымкентте базардағы қойма өртенді
Шымкентте базардағы қойма өртенді
120
оқылды

Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама кезекші бөлімге 1 наурыз күні түнгі сағат 22:52-де түскен.

«Абай ауданы Темірлан тас жолы №26. «Тұлпар-Шымкент» ЖШС-нің автобөлшектер сататын базарының аумағы өртенді. Қойманың 200 шаршы метр аумағы отқа оранды. Автобөлшектер мен аксесуарлар жанды. Өрт сағат 00:03-те оқшауланды. Сағат 01:23-те толық сөндірілді» делінген ресми хабарламада. Өрттен зардап шеккендер жоқ.