«Денсаулық сақтау саласында дәрігерлердің жалақысы артады. Мамандардың біліктілігі артады. Биыл 11 мыңнан астам маманды, оның ішінде, 35-ін шетелде оқыту жоспарымызда бар», – деді Алексей Цой.
Биыл медициналық жоғары оқу орнын 5 мыңнан астам түлек бітіреді. Олардың үш мыңдайы алғашқы медициналық-санитарлық көмекке жұмысқа жіберілмек.
«Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 2540 дәрігер керек. Ауылдық жерлерде 848 маман қажет. Олардың әлеуметтік жағдайын жасап, ауылдағы кадр тапшылығын шешеміз», – деді министр.