Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады
89
оқылды
"Қазтелерадионың" хабарлауынша, теледидарлар мен радио 10 наурызда сағат 03.00-ден 17.00-ге дейін өшіріледі. Осы уақытта жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфир желілерінің техникалық құралдарындағы қызметтер сөндіріліп, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады. "Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын спутниктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы қызметтерді сөндіріп, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізетіндігін еске салды. Бұл жұмыстар сапалы телевизиялық және радиохабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет.