Cыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс пысықталды
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс пысықталды
125
оқылды

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтіп, онда  облыс  бойынша денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстардың жай-күйі қаралды.

Отырыста осы бағытта ат­қа­рылған жұмыстар бойынша Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазыловтың есебі тың­далды. Кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев өңірдің денсаулық са­ласында сыбайлас жемқорлық мәселесі әлі де күн тәртібінен түс­пей отырғанын тілге  тиек етіп,  бас­қармаға қарасты меке­ме­лерде бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану  мәселелерінің  сыбайлас жемқорлыққа жол беріп отырғанын  атап өтті. Одан бөлек, дәрілік затттарды шекті бағасынан жоғары бағада сатып алу, медициналық ұйым­дар тара­пынан тегін рецепттер жазып беру қағидаларын бұзу, балалар санатына жатпайтын науқас­тар­ды тегін медициналық бұйым­дар­мен қамтамасыз ету фактілері анықталғанын ашып айтты. Өз кезегінде басқарма бас­шысы С.Пазылов аталған заң­бұзу­шылықтар бойынша ме­ди­цина саласындағы қызмет­кер­лерге бүгінде заңға сәйкес ша­ра­лар қолданылғанын жеткізді. Ал кеңес мүшелері денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқор­лық­тың алдын алу бойынша жұмысты қатаң күшейту жөнінде, меди­ци­налық мекемелердегі ішкі аудит жұмысының төмен деңгейде еке­нін ескертіп, сыбайлас жем­қор­лықтың тәуекелдерін анықтау бойынша жұмысқа аса мән беру қажетін ұсынды. Кеңес отырысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Пре­вен­ция және парасаттылық бас­қар­масының басшысы Ғ.Әлім­құ­лова, Қызылорда облысы бойын­ша Медициналық және фар­ма­цев­тикалық бақылау депар­та­ментінің басшысы Ғ.Бәйменова, Қызылорда облысының Сани­тариялық-эпидемиологиялық ба­қылау департаментінің бас­шы­сы Д.Жаңабергеновалар  қа­тысты.

 Әбілмансұр ЖАСАН