Қазақстанда жаңа латын әліпби бойынша адамның аты-жөнін жазу ережелері арнайы әзірленеді, – деп жазады Tengrinews.kz.
Қазақстан азаматтарына 2025 жылға дейін төлқұжат, жеке куәлік пен өзге де құжаттарды қазақ тілінде латын графикасы негізінде беру жоспарда бар.
«Латын әліпбиіне көшсек, жеке басты куәландыратын құжаттар адамдардың өтініші бойынша ауыстырылады. Бұған дейін алынған құжаттар қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады», – дейді министрлік өкілі.