Құны 400 миллиард теңгелік шаңғы курорты салынады
Құны 400 миллиард теңгелік шаңғы курорты салынады
5,153
оқылды

Алматы облысының әкімдігі Еңбекшіқазақ ауданында Түрген ауылы маңында құрылыс жұмыстары жоспарланғанын хабарлады. Алматы маңында салынатын тау шаңғысы курортына 400 млрд теңге жұмсалмақ.

Әкімдіктің айтуынша, олар шаңғы курортын салу үшін инвестор іздеп жатыр. Оның үстіне, құны 262,5 мың доллар болатын Түрген инженерлік инфрақұрылымын салу жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Алматы облысы әкімдігі курорт құрылысын 2022 жылы бастап, 2025 жылы аяқтауды жоспарлап отыр. Әрі шаңғы курортын елді мекен атауына сай «Түрген» деп атамақ. Әлеуметтік желіде бұдан бұрын Бутаков шатқалында тау шаңғысы курорты құрылысы басталатыны жазылған еді. Артынша Экология және геология министрлігі қауесетті жоққа шығарды. Кейінірек қала әкімі Бақытжан Сағынтаев та Бутаков шатқалында ешқандай құрылыс салынбайтынын мәлімдеді.

Айбике ЖАНАСЫЛ