Жарақат алған үш оқушы ауруханада жатыр. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаменті хабарлады.
«Оқиға 2 наурызда сағат 18:40-та Еңбекшіқазақ ауданында болды. «УАЗ» автокөлігі Арзиев көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, жол жиегінде тұрған екі 8 жастағы және екі 9 жастағы қызды қағып кетті. Полицейлер оқушыларды қағып кеткен Еңбекшіқазақ ауданы Корам ауылының 54 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Ол көлікті мас күйінде жүргізген», – дейді полицейлер.
Жарақат алған үш бала Шелек аудандық ауруханасында жатыр.
Жүргізуші медициналық айықтыру пунктінде отыр. Тергеу басталды.