Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
5,165
оқылды
"Қазгидромет" РМК 4-6 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
"Атлант мұхитынан келіп жеткен кезекті антициклон солтүстік-батыс циклонымен батыстан шығысқа қарай қатар жылжи отырып, белсенді фронталды бөліктерді қалыптастырады. Соның салдарынан қар, жауын жауып, елдің оңтүстігі мен шығысында қалың қар түсіп, нөсер жауын жауады. Ауа температурасы құбылмалы болады. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады", – делінген хабарламада.