AsiaCredit Bank салымшыларына 13 млрд теңге төленді
AsiaCredit Bank салымшыларына 13 млрд теңге төленді
155
оқылды
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры алғашқы аптада «AsiaCredit Bank» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемнің 70%-ға жуығын төледі. 2021 жылдың 3 наурызындағы жағдай бойынша «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ 2 511 салымшысы жалпы сомасы 13,12 млрд теңгеге кепілдік берілген өтем алды. Бұл – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры міндеттемелерінің жалпы сомасының 68,7 пайызы.
«Агент банк ретінде таңдап алынған «Еуразиялық банк» АҚ арқылы «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» салымшыларына кепілдік өтем төлеу 24 ақпанда басталған болатын. Ол 1 мамырға дейін жалғасады»,– деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
Салымшылар кепілдік берілген өтемді өздеріне ыңғайлы тәсілмен: агент банктің кассасынан қолма-қол ақшамен, сол агент банкте банк шотын (карточка) ашу немесе кез келген басқа банкке аудару арқылы ала алады. Депозит бойынша кепілдіктер және кепілдік берілген өтемді төлеу туралы жалпы ақпараттар қордың www.kdif.kz сайтында жарияланған. Салымшылар ақыл-кеңес алу үшін 1460 телефон нөмірі, сондай-ақ ҚДКБҚ сайтындағы чат, @kdif_ask Телеграм-чаты, қордың Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі deposit.kz ресми парақшалары, сондай-ақ info@kdif.kz электронды поштасына хабарласа алады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 11 ақпандағы қаулысына сәйкес «AsiaCredit Bank» АҚ бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізу лицензиясынан айырылған болатын.