Қарағандыда үйдің дәлізінен екі айлық бала табылды
Қарағандыда үйдің дәлізінен екі айлық бала табылды
5,163
оқылды
Қарағанды қаласының 15-ықшам ауданында орналасқан үйлердің бірінің дәлізінен көрпеге оралған екі айлық қыз бала табылды, – деп хабарлады Polisia.kz. 3 наурызға қараған түні сағат 00:15 шамасында Октябрь полиция бөлімінің кезекші бөліміне 15-ықшам ауданында орналасқан үйлердің бірінің дәлізіне белгісіз біреудің көрпеге оралған екі айлық қыз баланы тастап кеткендігі туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды. Бала ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 119-бабының 1-тармағына (қауіпті жағдайда қалдыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Баланың анасы іздестіріліп жатыр.