«Мен ішпеген у бар ма?..» премьерасы өтеді
«Мен ішпеген у бар ма?..» премьерасы өтеді
375
оқылды

С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрында 3 наурыз күні Иран-Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?..» спектаклінің премьерасы өтеді.

Спектакльдің қоюшы-режиссері – Теміржан Жанботаев, қоюшы суретшісі – Қуат Дүйсенбек, музыкамен әрлеген – Дәулет Омашев, Үмітай Абдулаева.
премьера Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Меценаттар Клубының «Тарлан» сыйлығының иегері, көптеген жыр-мүшәйралардың Бас жүлдегері, көрнекті лирик ақын, жазушы-драматург Оразбаев Иранбек (Иран-Ғайып) Әбітайұлы жиырмаға жуық жыр кітаптары мен отызға тарта драмалық дүниелердің авторы. Серке театрындағы жаңа қойылым Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналады. Спектакльде Абай мен Құнанбай, әке мен бала, ұрпақ арасындағы күрделі қарым-қатынастар арқылы адамзат қоғамындағы күрделі мәселе төңірегінде ой қозғалады. Қойылымда адамзат пешенесіне жазылған тірліктен өзінше ой қозғап, түйін түйетін Абайдың қуанышымен бірге қайғысы да қатар жүргенін, өмір атты өзенде су емес у ішкені баяндалады. Іші уланған адамның тәніне емес – жанына дауа керек. Абай әр сауалына жауапты, жанына дауа болар рухани азықты өмірдің өзінен тауып отырған. Демек, санаға сәуле түсіріп, ойға азық берер қойылымнан әр көрермен ой түйіп, дүние-әлемге деген өзіндік көзқарасын бағамдай алары анық.

Мурзанова Аружан Айтжанқызы.

https://youtu.be/jjwoM-AvAIE