Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі
Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі
271
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі, – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Мереке қарсаңында көпбалалы аналар 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде бірреттік төлем алады.
«Нақты айтсақ, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған және 1 және 2-дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған 13058 көпбалалы ана, сондай-ақ бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу бөлімінде оқитын балалары бар 14707 көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі», – делінген хабарламада.
Жалпы 2021 жылы аталған төлемдерге 27 765 көпбалалы ана үшін 404 955 мың теңге қарастырылған. Бұған дейін Нұр-Сұлтанда Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы аналарға 7 293 теңгеден (17 доллар) берілгенін жазған болатынбыз.