Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Браконьер: тәртіп бұзушы емес, қылмыскер

«Айқын» ақпарат
Қаңтар 22, 2020
Әлеумет
212
қаралым

2020 жылдан бас­тап Қа­зақ­стан­да заңсыз аң­шылық жә­не балық аулау тәртіп бұзу қа­тарынан шығарылып, орта деңгей­дегі қылмыс санатына жатқызылды.

Бірнеше жыл бойы бра­ко­ньер­лерге қарсы заңды күшейту туралы айтылып келді. Өйткені түз тағысын атып, өзен-көлдерде балықтарды заңсыз аулайтындар көбейіп кетті. Арнайы рұқсаты жоқ аңшылар далада ойқастап, өздерін қожайын санағандары сондай, адамдарға да қару ке­зен­ді. Бір жылда екі қорықшы қан­ды қолдың оғынан қаза тапты.

2019 жылғы сәуірде Шығыс Қазақстан облысында 10 брако­ньер табиғат қорғау инспектор­ларының қайықтарын аударып, екі инспекторға шабуыл жасап, өздерін сабап тастауға ұмтылған. Жалпы алғанда, 2015-2019 жыл­дар аралығында браконьерлер 10 мәрте инспекторларды соққыға жығып, өмірлеріне қауіп төндір­ген оқиға тіркелді. Осы оқиға­лардың екеуінде ғана ұсталған браконьер бас бостандығынан айырылса, бір адамға шартты мерзім тағайындалды.

 

Биылдан бастап заң қатаң

Бір ғана қазан айында ел аума­ғында табиғат қорғау заңна­масын бұзу фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Бра­коньер» іс-шарасы өткізіл­генде 2 мыңнан астам (2442) заң­­бұзу­шылық анықталған. Атап айтар болсақ, заңсыз аң аулау, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, заңсыз балық аулау, био­ло­гиялық ресурс­тар объектілерін және олар­дың өнімдерін заңсыз са­тып алу сынды фактілер тіркелген.

Осы анықталған фактілер бойынша 192 адамға қатысты 177 сотқа дейінгі қылмыстық тер­геу басталса, 51 адамға қатыс­ты 47 іс сотқа жіберілген екен.

Енді заңды белшесінен бас­қан браконьерлер қатаң жазала­натын болды. Өйткені 2020 жыл­дан бастап Қазақстанда заңсыз аң­шылық және балық аулау тәртіп бұзу қатарынан шығары­лып, орта деңгейдегі қылмыс са­­натына жат­қы­зылатын болды. Осындай қыл­мыстар үшін 10 мил­лион теңгеге дейінгі айыппұл және 4 жылға дейін бас бостан­дығынан айыру, қорықта заңсыз аңшылық пен балық аулағаны үшін 6 жылға дейін бас бостан­дығынан айыру, ірі мөлшерде және ұйымдасқан қылмыстық топпен жасалса, 10 жыл­­ға дейін бас бостандығынан айы­ру, киік­терді атқаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жаза­сымен қатар брако­ньерлік қыл­мыстың барлық сана­ты бо­йынша заңсыз аң аулау құ­ралда­ры – қару-жарақ, көлік пен мүлікті тәркілеу қарастырылған.

Заң бойынша орман шаруашылығы инспекто­рының өміріне қауіп төндіру – құқық қорғау органдары қызмет­керіне шабуыл жасаумен бірдей болады.

Сонымен бірге заң бойынша орман шаруашылығы инспекто­рының өміріне қауіп төндіру – құқық қорғау органдары қызмет­керіне шабуыл жасаумен бірдей болады.

 

Ұсталғандар арасында сот та бар

Дегенмен жыл басталмай жатып бірнеше жабайы аңдарды заңсыз ату мен балық аулау оқи­ғасы тіркелді. Браконьерлер қа­тарында қарапайым ауыл тұр­ғын­дары ғана емес, сот та бар. Ең сорақысы, сенім артқан қорық­шы да құқық қорғаушылар құры­ғына ілінді. Мысалы, Ақмола облысын­да 13 қаңтар күні Ерей­ментау ау­дандық жергілікті по­лиция қыз­меті бөлімінің учас­келік инспек­торы «Браконьер» жедел алдын алу шарасы кезінде Ақсуат ауылы маңында аң ша­руашылығының 40 жастағы қо­рықшысын қолға түсірді. Жедел-тергеу тобы күдік­тіден «Иж-54» маркалы қосауыз мылтық, 12 ка­либрлі мылтық, елік­тің еті және орман шаруашы­лы­ғына тие­сілі қарда жүретін көлікті тәркіледі. Бұл оқиғаның алдында ғана 6 қаңтарда Ақтөбе облы­сында балық аулаймын деп бүтін бір аудан шенеуніктерінің басы бәлеге қалған болатын. Ырғыз аудандық сотының төра­ғасы мен прокурорынан бастап, аурухана­ның бас дәрігері мен төтенше жағдай басқармасының басты­ғына дейін жаңа жылдан кейін саятшылыққа шығады. Ал қо­рық­тың ерекше қорғауда екені шенді-шекпенді дөкейлерді тоқтатпаған болатын. Ақыры инспекторларға ұсталып, тыйым салған аймақта тайраңдағаны үшін айыпты болып жатыр. Өйт­кені олар сайран салған жер «Ыр­ғыз – Торғай» мемлекеттік ре­зер­ваты ерекше қорғауға алынған аумақ болатын.

 

Та­биғатты аялау орнына аямаймыз!

Ал Солтүстік Қазақстан об­лысында 6 қаңтардан бастап облыста аң аулау тәртібін бұзғаны үшін – 26, балық аулау бойынша 10 адам әкімшілік жауапкер­ші­лікке тартылды. Сондай-ақ қа­руды заңсыз сақтаудың – 3, қа­ру­ды сақтау қағидаларын бұзу­дың 1 дерегі анықталған.

«АҚШ-та «жануардың құ­ты­луына мүмкіндік беру» деп ата­ла­тын заң бар. Ол бойынша бөлтірік ерткен қасқырды атуға болмайды. Жайбарақат жайылып жүрген бұ­ғыларды баспалап кеп атуға бол­майды. Қандай әділетті? Қазақ та бір кездері осындай емес пе еді? Иә. Біздің жұрт, бұ­рын аң ұстауда өте әділетті болатын. Түлкіге бүр­кіт салатын, мылтықпен атып ал­­­майтын. Бүркітінің бабы кел­месе немесе шамасы жетпесе, түл­кі құ­тылып кетеді. Ол түлкінің мүм­кін­дігі. АҚШ заңындағыдай, киікті ыс­қырып, бір үркітіп барып ата­тын. Сол кезде құтылса, құты­лып кетті, қашып үлгермесе, обал жоқ. Ол замандарда қасқырды қарумен емес, айла-тәсілмен алу­шы еді.

Айта кетсек, көршіміз Ресей жыл сайын браконьерлердің ке­сірінен 18 миллиард рублін жоғал­тады. Ал осы заңсыз аң аулау­шылардың кесірінен ауру тарап жататыны да әлемдік тарихта жа­зылып қалды. Мысалы, 1990-жыл­дары Конго мен Габонеде брако­ньерлер аулаған шимпанзе етін жеу арқылы тараған Эбола вирусы, Қытайда борсық, жыртқыш аң­дарды тамақ ретінде пайдаланудан тараған SARS індеті біраз әбігерге салған болатын.

Иә, біз аяушылық деген түй­сіктен айырылып барамыз. Та­биғатты аялау орнына аямаймыз! Жаңа заң күшіне енді, мүмкін осыдан кейін ойланармыз?

Өйткені заңсыз аң атушы мен балық аулаушы тәртіп бұзушы емес, ол енді қылмыскер!

Әдебиет.JPG  Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

Ақмолада мемлекетаралық іздеуде болған алаяқ ұсталды

Балқаштағы «өлі» балықтар

Арқар атқандар ұсталды


 
Тегтер: балық аулаубраконьерзаңсыз аңшылыққылмыс санатықылмыскер
Алдыңғы жаңалық

Қытайдағы тәж вирусы және 72 сағат

Келесі жаңалық

Кореяға кеткен қазақтар

Ұқсас жаңалықтар

ЭКҰ жасатудың құны қанша?
Әлеумет

ЭКҰ жасатудың құны қанша?

Қаңтар 27, 2021
зейнетақы
Жаңалықтар

Қазақстандықтарға зейнетақы қорынан 49 миллиард теңге мақұлданды

Қаңтар 27, 2021
сот орындаушы, Ермек Алтынбеков, салық, нотаруис, заң
Жаңалықтар

Жүгенсіз кеткен жеке сот орындаушылары жазаланды

Қаңтар 27, 2021
есірткі
Жаңалықтар

Діни ағымның жетегінде кеткендер есірткімен ұсталды – видео

Қаңтар 27, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мұздықтардың еру жылдамдығы үрей тудыратын жағдайға жеткен

Қаңтар 27, 23:50

Қазақ спортшысы UFC-дің ең қауіпті файтері болатыны айтылды

Қаңтар 27, 23:20

Ақтауда «буынсыз бала» тұрады

Қаңтар 27, 22:45

Оқушыларға шетелдік мектептерде қашықтан оқуға тиым салынды

Қаңтар 27, 22:09

ШҚО-да жантүршігерлік апаттан 4 адам көз жұмды

Қаңтар 27, 21:32

Еліміздің бес өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 27, 21:04

ЭКҰ жасатудың құны қанша?

Қаңтар 27, 20:30
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Мұздықтар

Мұздықтардың еру жылдамдығы үрей тудыратын жағдайға жеткен

Қаңтар 27, 2021
UFC

Қазақ спортшысы UFC-дің ең қауіпті файтері болатыны айтылды

Қаңтар 27, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»