8 наурыз қарсаңында көпбалалы аналарға қаржылай көмек көрсетті
8 наурыз қарсаңында көпбалалы аналарға қаржылай көмек көрсетті
379
оқылды

Мерекелік қаржылай көмек көпбалалы аналарға жыл сайын жергілікті мәслихаттың шешіміне сай беріледі. 8 наурыз мерекесі қарсаңында қарастырылған қаржылай көмекке биыл жергілікті бюджеттен 149 миллион теңге бөлінген. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігі хабарлады.

Шымкенттегі 10 мыңнан астам алты және одан көп баласы бар аналарға 14 585 (5 АЕК) теңге көлемінде бірреттік әлеуметтік көмек төленді. Бірреттік төлемді алу үшін ешқандай құжат өткізудің қажеті жоқ. Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мерекелік төлемді төлеуде зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың деректер базасындағы мәліметке сүйенеді. Шымкент қаласында жылдан-жылға «Алтын» және «Күміс» алқа иелерінің саны артып отыр. Мұндай қаржылай төлем былтыр 9500 көпбалалы ананың дербес шотына түскен болатын.

Бұған дейін астанада мереке қарсаңында көпбалалы аналарға 7 292 теңге  берген болатын.