Жеті облыста жол жабылды
Жеті облыста жол жабылды
223
оқылды

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Атап айтқанда, Ақмола облысында:

«Жезқазған – Петропавл» автожолының 377-536 шақырымында, Қостанай облысының шекарасы мен Бұзулық ауылы арасындағы жол бөлігінде, «Нұр-Сұлтан – Петропавл» автожолының 18-231 шақырымында, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан – Щучье ақылы жол бөлігі бар.

Ақтөбе облысында:

Автокөліктің барлық түрлері үшін «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолының 92-257 шақырымы, Ембі қаласы мен Шалқар аралығы және жүк пен қоғамдық автокөліктер үшін «Самара-Шымкент» автожолының 526-710 шақырымы, БҚО шекарасы мен Құрашасай ауылының арасы жабылады.

Шығыс Қазақстан облысында:

Жүк және қоғамдық автокөліктер үшін «Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 105-123 шақырымы, Шемонаиха қаласы мен РФ шекарасы аралығы және «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» жолының 105-191 шақырымы, Риддер қаласы мен РФ шекарасы аралығы жабылады. Ал тіркемесі бар жүк және қоғамдық көліктер үшін «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 15-102 шақырымы, Глубокое ауылы мен Шемонаиха қаласының арасы және «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» жолының 15-105 шақырымы, Белоусовка ауылы мен Риддер қаласының арасы жабық болады.

Батыс Қазақстан облысында:

Жүк және қоғамдық автокөліктер үшін «Самара – Шымкент» автожолының 394-526 шақырымы, Жымпиты ауылы мен Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі жол бөлігі жабылады.

Қарағанды облысында:

Барлық автокөлік түрлері үшін «Жезқазған – Петропавл» автожолының 142-252 шақырымы, Сарлық ауылы мен Қостанай облысының шекарасы аралығы жабылады.

Қостанай облысында:

Барлық автокөлік түрлері үшін «Жезқазған – Петропавл» автожолының 252-377 шақырымы, Қарағанды облысының шекарасы мен Ақмола облысының шекарасы аралығы жабылады.

Солтүстік Қазақстан облысында:

Барлық автокөлік түрлері үшін «Булаево – Возвышенка – Молодогвардейское – Киров – Қиялы – Рощинское» автожолының 68-132 шақырымы, Возвышенка ауылы мен Ильич ауылының аралығы, сонымен бірге, «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы» автожолының 219-280 шақырымы, Кішкенекөл ауылы мен РФ шекарасы аралығы жабық болады.