Жасотандықтар аналар мен дәрігерлерді құттықтады
Жасотандықтар аналар мен дәрігерлерді құттықтады
249
оқылды
8 наурыз қарсаңында  жасотандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді орталық аурухананың акушерлік бөлімнің нәзік жанды қызметкерлері мен аналарын құттықтады. Орталық - аяулы аналарды мерекесімен құттықтауға  ең таптырмас орын. Болашақ жас аналар мен оларға қамқор болғандар ыстық ықыласты қуана қабыл алды.
«Әйелдер күнімен құттықтауды адам өмірі бастау алатын перзентханадан бастауды жөн көрдік. Алдымен Аналарымызды, содан соң акушер, дәрігер, педиатрларды құттықтап, оларға жүректен шыққан тілектеріміз бен жарқын көңіл-күй сыйладық. Мен сіздерге және жақындарыңызға  амандық, ең бастысы, денсаулық тілегім келеді», - деді Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Нұржан Жетпісбаев.
Аналарға гүлдер және дәрумен мен пайдалы заттарға толы себеттер табысталды. Жасотандықтар аналардан бөлек,  перинаталды орталықтың қызметкерлерін де құттықтады. Коронавирус пандемиясы  қоғамға медицина мен дәрігерлердің ерекше орны мен олардың жанқиярлық еңбегін, жұмысына деген адалдықтарын көрсетті.
«Кез-келген әйел заты үшін ең басты бақыт, ол – сәбиінің дүниеге келуі және олар осындай бақытқа елордалық перзентханада куә болады. Осындай қуанышқа сіздердің қосқан үлестеріңіз зор! Сондықтан, сіздердің  қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Ең бастысы – келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!» - деп  толықтырды Нұржан Арғынұлы.
Жасотандықтардың құттықтауы бұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы бірнеше күнде белсенділер қаламыздың басты көшелерінде тұрғындар мен қаламыздың қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлайтын болады. Айта кетейік,  еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты акцияға қатысушылар бетперде тағып. әлеуметтік қашықтықты сақтады.