Юрий Дудь талантты қазақстандықтардың тізімін жариялады
Юрий Дудь талантты қазақстандықтардың тізімін жариялады
147
оқылды
Ресейлік танымал журналист, видеоблогер Юрий Дудь қазақстандық әзілкеш Евгений Чебатковпен сұхбат құрып, дарынды қазақстандықтардың тізімін көрсетті. Юрий Дудьтің тізіміне режиссерлерден - Айсұлтан Сейітов, Медет Шаяхметов, Қанат Бейсекеев, Қуаныш Бейсеков, музыканттардан - Скриптонит, Jah Khalib, МЧТ, IMANBEK, Димаш Құдайберген, Zoloto, 104, Truwer, M'Dee, The Limba, Dequine, Niman, Кисло-Сладкий & Bonah, ИК, Alphavite енген. Ал, әзілкештерден - Нұрлан Сабуров, Евгений Чеботков, Вячеслав Никифоров, Медет Қалибеков, Ғалым Қалиақбаров және Біржан Қабылбаев. Танымал журналист бұған дейін Скриптонит, Jah Khalib, Айсұлтан Сейітов, Нұрлан Сабуров сынды қазақстандықтардан сұхбат алған.