Иелері қоқыс шығарып, дүкенге барып келгенше екі ұры пәтерлерді тонап үлгерген
Иелері қоқыс шығарып, дүкенге барып келгенше екі ұры пәтерлерді тонап үлгерген
111
оқылды

Екі ұры Алматыда оншақты пәтерге ұрлыққа түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаскөйлер қолдарына түскен құнды заттардың барлығын ұрлаған.

– 1990  және 1994 жылы туған екі күдікті Алматының іргесіндегі ауылда тұрады және көршілер. Сонымен қатар олар бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің бірдей баптары бойынша сотталған. Олар пәтерлерге кілт сәйкестендіріп кірген. Бөтен біреулердің үйіне заңсыз кірген қаскөйлер тез арада ақша мен бағалы заттарды ұрлап отырған. Олар өте тез қимылдаған, өйткені олар үйде ненің қай жерде тұратынын білген. Қылмыскерлердің мұндай жылдамдығы қоқыс шығаруға шыққан немесе дүкенге барып келген үй иелерін таңқалдырған, өйткені, олар қайтып келгенде үйлерінің тоналғанын көретін. Қылмыскерлер мұқият әрекет етуге үйренген. Біздің қызметкерлердің жедел әрекеттерінің арқасында аз уақытта күдіктілер ұсталды. Қазіргі уақытта олардың екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников.

Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Олардың қалада болған 10 пәтер ұрлығына қатысы бар екені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.