Жамбыл облысында бес күнде 42 есірткі қылмысы тіркелді
Жамбыл облысында бес күнде 42 есірткі қылмысы тіркелді
5,142
оқылды
Жамбыл облысының полицейлері «Допинг» жедел алдын алу шарасы барысында 42 есірткі қылмысын анықтады,– деп хабарлайды inform.kz. Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бес күндік «Допинг» шарасы кезінде 42 есірткі қылмысын анықтаған.
«11 қылмыстың ішінде Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша – 4 дерек, ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша – 6 және есірткі құралдарымен, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу дерегі (ҚР ҚК 303-бабы 1-бөлігі) анықталды. Ал, ҚР ҚК 296-бабының 1-3-бөлігі бойынша 12 қылмыс әшкере болды» – делінген ведомство хабарламасында.
Шара барысында полиция қызметкерлері 14 дәріхананы, 18 қойманы, 4 емдеу мекемесін және 1 өнеркәсіпті тексерді. Заңсыз айналымнан 16 келіден астам есірткі, оның ішінде 8 келі 182 грамм марихуана, 6 келіден астам «гашиш», адам ағзасына зиян келтіретін 1960 дәрілік препарат және 5 келі 770 грамм күкірт қышқылды прекурсор тәркіленді.