Жаяу жүргіншілер жолы салынады
Жаяу жүргіншілер жолы салынады
208
оқылды

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Қарасай ауданы Бұлақты ауылының тұрғындары Сүйінбай көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған жолдың жоқтығы, мектепке бару үшін жолаушылар кесілген ағаштардың арасымен жүретінін айтып, осы мәселе бойынша өтініштерін жеткізді.

Партиялықтар мен облыстық мәслихат депутаттарының әлеу­меттік желідегі мониторинг жұ­мысының арқасында «Nur Otan» партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Гүлнәр Тойлыбаева аталған мәселені өз бақылауына алды. Халық қалаулысы ол жолға жаяу жүргіншілер жолағын салу туралы Алматы облыстық Жо­лаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына депутаттық сауалын жолдады. Алматы облысының Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жауапхат келіп, қазір кесілген ағаштардың та­мыры алынды. Жаяу жүргіншілер жолағын салу жұмысының смета­лық құнын есептеу шаралары жүр­гізілуде. Құрылыс-монтаждық жұмыстары алдағы уақытта баста­латын болды.

Әбілмансұр ЖАСАН