Елеусіновтің ендігі қарсыласы кім?
Елеусіновтің ендігі қарсыласы кім?
5,181
оқылды

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні және қарсыласы кім болуы мүмкін екені белгілі болды.

Matchroom Boxing басшысы Эдди Хирннің айтуына қарағанда, Данияр Елеусінов рингке 2021 жылдың сәуір-мамыр айларында оралады. The Ring қазақстандық боксшының келесі қарсыласы ресейлік Давид Аванесян болуы мүмкін екенін хабарлады. Данияр Елеусінов кейінгі жекпе-жегін былтыр қарашада өткізген болатын. Қазақстан боксшысы бұрынғы әлем чемпионы намибиялық Джулиус Индонгоны екінші раундта нокаутқа түсірген еді.

Қуаныш ИСМАИЛ