Ақтөбе облысы Полиция департаментіне 42 жастағы кәсіпкер әйел арыз түсірді. Ол бейтаныс әйелдің сөзіне сеніп, 14 миллион теңгесінен айырылды.
Полицейлер жедел іздестіру барысында Ақтөбенің 38 жастағы тұрғынын анықтады. Күдікті кінәсін мойындады. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұловтың айтуынша, күдіктіден үш адам жапа шеккен.