Иесіз ит-мысық: қорғау керек пе, қорғану керек пе?
Иесіз ит-мысық: қорғау керек пе, қорғану керек пе?
502
оқылды

Қала ішінде қаңғыбас иттер паналайтын арнайы орталықтар бар. Ол орталықтарға қараусыз қалған ит-мысықтарды кім әкеледі, қабылдаушылар жануарларға қалай қарайды, кейін қайда жіберіледі, оның шығынын кім көтереді? Біздің білгіміз келгені де осы.  

Бүгінде еліміздің әр қаласынан жануарларды қорғайтын қоғамдық қорларды табуға болады. Сондай орталықтың бірі – «Балто» қараусыз қалған жануарлар орталығы. ит-мысық

– Кейбірі бұл ісімізді түсінбеуі мүмкін. Тіпті, «бұларға емес, адамға қол ұшын созбай ма?» дейтіндер де табылар. Бірақ адамдарға пана болатын үкімет, мемлекет, меценаттар бар. Ал ит пен мысықты біз секілді волонтерлерден басқа қорғайтын ешкім жоқ, – дейді Айгүл Хасанова. Оның айтуынша, қараусыз қалған ит-мысықты кез келген адам әкеле алатынын айтты.

ит-мысық«Арасында балалар да тауып алған ит-мысықтарын әкеп жатады. Кейде өзіміз қараусыз қалып, қаңғырып жүрген ит-мысықты көрсек, осында алып келеміз. Олардың иесін табуға тырысамыз. Табылмаса, арнайы жануарлардың паналайтын орталықта қалдырамыз», – дейді «Балто» қараусыз қалған жануарлар панахананың жетекшісі Айгүл Хасанова. ит-мысық Нұр-Сұлтан қаласының волонтерлер қозғалысы бастамасымен пайда болған бұл мекеме Қараөткел ауылында орналасқан. Келіп түскен әр жануарды жуып-тазалап, ветеринарға қаратады. Кейін вакцинация жасалады. Қандайда бір жарақаты болса, таңып емдейді.

– Ең қызығы, осында түскен ит елге шауып, үріп, қаппайды. Әрине, бастапқыда қай жерге келгенін түсінбей, қорқақтайды. Алайда осы жерде өзіне қарайтынын іштей сезе ме, әйтеуір, ортаға тез бейімделеді. Шыны керек, оларды жанымызға алып, сөйлесіп не болмаса ойнайтындай уақыт жоқ. Сондықтан адамдар балаларымен жиірек келіп тұрса дейміз, – деді ол.

ит-мысықАл Алматыдағы «Новый шанс» қоғамдық қорының президенті Марина Ким қазір орын жоқтығынан  паналатуға ит-мысықты қабылдамайтынын жеткізді. «Көбіне бізге жарақаттанған, көшеде қаңғырып жүрген ит-мысықтарды әкеледі. Оларды тазалап, қалыпқа келген соң, әлеуметтік желі арқылы орналастыруға тырысамыз. Табылмаса, бізде қала береді. Біз оларды өлтірмейміз. Өмірінің соңғы күніне дейін біздің орталықта жүре береді», – деді. [caption id="attachment_116991" align="alignnone" width="1080"]ит-мысық ит-мысық[/caption] 2013 жылы  ашылған қор бүгінде 500-ден аса қараусыз қалған жануарға жаңа мекен тауып беріпті.

– Негізі бізде итке арналған 100-дей орын бар. Қазір оның бәрі толып тұр. Қосымша 4 мысық және есегіміз бар. Оның бәріне тамағын беріп, серуенге шығарып, тазалап отыратын бір ғана адам. Бір күннің өзінде 15-20 келі құрғақ жем берілсе, айына 200 келі ет пен 50 келі жарма жұмсалады. Оның үстіне жылына екі рет кенеден тазартылады. Оларды дәрігерге қаратып, емдету де қаражатқа тіреледі,– дейді Марина Ким.

ит-мысық Қараусыз қалған жануарларды қорғайтын қоғамдық қорлардың бәрі бірауыздан қаржы жетіспеушілігін айтуда. Негізінен көмек қайырымды жандардан түседі екен. «Көбіне әлеуметтік желілер арқылы көмек сұраймыз. «Аз да болса, көптей көр» дегендей, оған да шүкірлік етеміз. Шыны керек, соның арқасында күн көріп отырмыз. Сондай қайырымды істің бірін Гүлмира Абдрашева жасады. Ол біздің жазбамызды көріп, екі рет қаржылай қолдау көрсетті. Соның арқасында вольер салып алдық, олардың дәрі-дәрмегін, тамағына дейін алдық»,– дейді Айгүл Хасанова. ит-мысықАйтуынша, бір-екі мысықты асырау салмақ емес, ал одан көп ит-мысықты бағып-қарау – үлкен шығын.

– Бастапқыда біреуден бірдеңе сұрауға ұялатынмын. Тірнектеп болса да, өз күшіммен жүргізуге тырысатынмын. Бірақ бір өзімнің табысым аздық етеді. Қазір сұрайтын болдым. Жасыратыны жоқ, қазір біз секілді көп ұйымдардың қарызы шаш етектен. Менің де сол секілді қарызым да, несием де бар,– деген панахананың жетекшісі жағдайын жасырып отырған жоқ.  

Эмилия Ускенованың сөзінше, Еуропаның өзінде жануарларды өмір бойы ұстамайды. Бірақ қолға түскен қараусыз иттерді ұстау мерзімі үш ай, алты ай не бір жылға дейін созылады. Осы уақыт аралығында ит пен мысықтың әрбіріне жылы үй мен жайлы ие тауып беру қызметі жақсы жолға қойылған. Ал бізде ондай мүмкіндік жоқ. Әр орталық орналастыру жолын өзі іздестіреді. [caption id="attachment_116979" align="alignnone" width="1200"]ит-мысық ©petfinder.kz[/caption] – Жануарларды уақытша ұстау мекемесі – қолға түскен иттерді екі айға дейін ұстауға арналған орын. Бірақ Шымкент қаласында бұл ережедегі мерзім үш күнге дейін қысқарған. Үш күн ішінде иттің соңынан иесі не оны асырап алуға ниетті басқа адам келмесе, оған дәрілік зат егіліп, көзі жойылады. Бірде біздің қорда ерікті болып жүрген азаматтың өз ауласында сырттай қамқорлық танытып жүрген иттері уақытша ұстау мекемесіне түсіп қалып, құтқарып алуға соңынан бардық. Барлығы жеті иттің тамақтандыру шығынын өтеп, демалыс күндері болған соң, тек төрт күннен кейін ғана алып кетуге мүмкіндік туды. Олардың барлығының да жағдайы нашарлап кетіпті. Сондай жағдайда қолымызға алдық, – дейді «Вторая жизнь» қараусыз қалған жануарларды қорғау қорының негізін қалаушы белсенді Эмилия Ускенова. ит-мысық Орталықта жаңа ит-мысыққа орын жоқ деген ол, қазірдің өзінде 87 ит қарауында екенін жеткізді. Тағы 4 иттің емханалық шығынын өтеуде. «Ит-мысықтың далада қараусыз қалуы – адамдардың жауапсыздығынан»,– деп есептейтін Айгүл Хасанованың сөзіне ол да келісіп отыр.

– Ит пен мысықтардың қараусыз қалуына – адам кінәлі. Көп жағдайда осындай жағдайлар адамның жауапсыздығынан болып жатады. Кішкентайында қызық көріп, қолына алады. Өсе келе оған қарау да қиындай түседі. Оны уақытылы дәрігерге көрсетіп, екпесін салдырту, тазалату – осының бәрі қосымша шығын. Сондықтан қаңғытып, көшеге тастай салғанды жөн көреді. Ал ит-мысықты асырамас бұрын әбден ойланып алған жөн, – дейді ол.