Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті хабарлағандай, Әуезов полиция бөліміне 25 жастағы тұрғын хабарласқан.
Ол былтыр наурыз айында несие ресімдеуге көмектесетіндігін айтқан танысына 2 800 000 теңге берген.Тергеу басталды.«Жедел іздестіру нәтижесінде, полицейлер 27 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Ол өз кінәсін мойындап отыр», – деді Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.