Рейстер 21 наурыздан бастап жұма және жексенбі күндері қатынайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Түркістан – Ыстамбұл бағытындағы билет бағасы бір бағытқа шамамен 39 999 теңгеден басталады. Жолаушылар көбейсе, екі араға күн сайын ұшақ қатынайды.
Сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 8 наурыздан Өзбекстанға жаңа рейс ашылатынын хабарлаған болатын.
Ақтау мен Үргеніш арасында аптасына 2 рейс қатынайды.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.