Министр ауылдарда интернетке мобильді кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі «250+» жобасына енген Ордабасы ауданының Жусансай және Аққойлы ауылын аралады.
Бұған дейін ауыл тұрғындары интернеттің сапасына шағымданған болатын. Екі ауылда да байланыс сапасы төмен. Сол жерде хаттама толтырылды. Операторлар мәселені маусым айына дейін шешуге уәде берді.
Бағдат Мусин: «Біз байланыс операторларына ауыл тұрғындары сапалы байланысқа қол жеткізгенше, айыппұл сала береміз», – деді.