Балаларға наурыз-шашу
Балаларға наурыз-шашу
187
оқылды

Биыл   «Астана мюзикл» театры балаларға тосынсый әзірледі. Оларға наурыз-шашу ретінде «ЕНТ тапсырмаймын», «Шаңырақ», COVID, «Наурызбектің оқиғасы» интерактивтік шоуы, «№13», «Ақбілек» сияқты қойылымдарды ұсынады.

Театр өкілдерінің айтуынша, қойылымдардың ішіндегі ерекшесі – «Наурызбектің оқиғасы». Бұл – балаларға арналған интерактивті ертегі. Жаңа форматтағы туындыда көрермендер қойылым кейіпкерлерімен интерактивті байланысқа түсіп, қызықты оқиғалардың тікелей қатысушысына айналады. Ертегінің мақсаты – Тор, Джокер, Дэдбул, Эльза секілді заманауи кейіпкерлер мен Тазша бала, Таусоғар сынды ежелгі қазақ ертегілерінің қаһармандарымен кездестіріп, жас көрермендердің тарихымызға, салт-дәстүрімізге деген қызығушылығын арттыру. Балаларға арналған премьера 14 наурыз – Көрісу күні бастау алады. Спектакльді тамашалауға келген балаларға қазақтың ұлттық тағамдары негізінде жасалған тәтті сыйлықтар да табысталмақ.

А.ЖОЛДАС