Жүрсін Ерман ақындар айтысына қандай өзгерістер енгізілгенін айтты
Жүрсін Ерман ақындар айтысына қандай өзгерістер енгізілгенін айтты
© сурет интернеттен алынды
551
оқылды
Ертең елордада өтетін "Адамзаттың алыбы – хакім Абай" атты республикалық ақындар айтысына бірқатар жаңа ереже енгізілді. Бұл туралы Халықаралық жыршы-термешілер және айтыс ақындары одағының төрағасы Жүрсін Ерман Орталық коммуникациялар алаңында болған баспасөз конференциясында айтып берді, - деп хабарлайды Елорда Инфо. "Бұл – Абайдың мерейтойына орай өткізілгелі отырған алғашқы айтыс. Халықтың көңілінен шығатындай әділетті өтуіне үлкен мән беріп отырмыз. Бұрынырақ айтыстағы ақындар жұбы алдын ала анықталатын. Яғни сөз бәйгесіне түспей тұрып ақындар өзінің кіммен айтысатынынан хабардар болатын. Бұл жолы ережені сәл өзгертіп, жұпты халықтың өзі таңдайтындай еттік. Он алты ақынның аты-жөні жазылған қағаз шардың ішіне салынады да, залдан кез келген көрермен шығып, жұптарды таңдайды. Сондай-ақ ұзын-сонар жаттанды айтысқа да жол бермейміз. Ақындар үш, төрт, бес шумақпен қайымдасып, жауаптасып айтысады", - деді ол.