Ғалымдар: Екі маска тағудың қажеті жоқ
Ғалымдар: Екі маска тағудың қажеті жоқ
157
оқылды

Коронавирустан қорғану үшін бір уақытта екі маска тағудың пайдасы шамалы. Жапондық ғалымдар осылай деп отыр.

Күншығыс елінің мамандары әлемдегі ең жылдам суперкомпьютер нәтижелеріне сүйенген. Зерттеу көрсеткендей, бетті толық жабатын бірреттік маска коронавирустан 85%-ға қорғайтын болып шыққан. Ал сондай екі бетперде киген жағдайда бұл көрсеткіш небәрі 4%-ға ғана артатын көрінеді. Яғни, қорғаныс деңгейі 89%-ды көрсеткен.