Павлодар облысында жолда қалып қойған адамдар құтқарылды
Павлодар облысында жолда қалып қойған адамдар құтқарылды
172
оқылды
Апаттық-құтқару жұмыстарына 150 адам мен 106 техника жұмылдырылған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыс әкімінің орынбасары Асайын Байхановтың хабарлауынша, жолды қардан тазалау жұмысы жалғасуда.
"Барлық жолда қалған адамдарды шығардық! Аман саулықта болайық, отбасыларыңызға аман жеттіңіздер!
Автокөлік жүргізушілерінен жолға шықпауын сұраймыз! Жол қызметтері жолдарды босатсын", – дейді Асайын Байханов әлеуметтік парақшасында.
Асайын Байхановтың хабарлауынша, Ақмола облысы Ажы ауылында 30 жүк көлігі мен 20 жеңіл көлік кептеліп қалған. Көлікте қалып қойған адамдар құтқарылды, зардап шеккендер жоқ. Құтқарылған адамдар қазіргі уақытта жылыту пункттеріне орналастырылды. Жалпы 140 адам құтқарылған, оның 15-і балалар. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің  ақпаратына сәйкес, сағат 18: 00-ден бастап Екібастұз-Қарағанды ​​тас жолын қосқанда 11 облыстық және 11 республикалық маңызы бар учаскелер жабылған.