Жасөспірімді құтқарамын деп 9-қабаттан құлаған полицейдің жағдайы ауыр
Жасөспірімді құтқарамын деп 9-қабаттан құлаған полицейдің жағдайы ауыр
210
оқылды

Жасөспірімдерді тоқтату мақсатында салынып бітпеген көпқабатты үйдің төбесінен құлаған полицейдің жағдайы ауыр. Ауруханадағы әріптесі туралы Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов айтты. Бұл жайында Stan.kz жариялады.

"Алатау аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторына, полиция капитаны Темірбек Махкамовичке көңілін сұрап қайттық. Ол 2021 жылғы 28 ақпанда қызметте жүргенде Зерделі шағын ауданындағы аяқталмаған тоғыз қабатты үйдің төбесінде ойнап жүрген жасөспірімдерді тоқтатуға тырысты. Алайда 9-қабаттан өзі құлап кеткен", – деді Таймерденов.

Ол капитан Халмырзаевқа күрделі операция жасалғанын айтты.

"Оның жағдайы өте ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр. Оның өмірі мен денсаулығы үшін тәжірибелі дәрігерлер күресуде. Полиция департаментінің қызметтері мен бөлімшелерінің жеке құрамы әріптесінің денсаулығына алаңдаулы. Темірбек Халмырзаевтың отбасына қажетті көмек көрсетілуде",– деді Алматы полициясының басшысы.

Еске салсақ, Алматыда полиция қызметкері 9-қабаттың шатырынан құлап кетті.