Қазақстандық опера әншісі Мария Мудряк жол-көлік апатына ұшырады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
"Қазір Қазақстандамын. Кеше мен үшін өмір қайта басталғандай болды! Біз Павлодарға, үйге бара жатқан кезде жолдың көктайғақ болуынан көлігіміз екі мәрте аударылып, жол жиегіне шығып кетті. Құдайдың арқасында бәріміз аман қалдық! Құдайға шүкір! Жанымыздан өтіп бара жатқан көліктің бәрі тоқтап, бізге қол үшін созды. Олардың аты-жөндерін білмеймін. Алайда осындай немқұрайлы қарамайтын адамдар өмірде бар екен. Міне, біздің қазақстандықтар осындай. Барлығыңызға рақмет!", – деп жазды Мария Мудряк.