Дәрігер ұйықтар алдында айран ішкеннен гөрі ет жеуді ұсынды
Дәрігер ұйықтар алдында айран ішкеннен гөрі ет жеуді ұсынды
227
оқылды

Ресейлік диетолог дәрігер Алексей Ковальков ұйықтар алдында айран ішкеннен гөрі ет жеуді ұсынды. Бұл жайында РИА Новости хабарлады.

Дәрігер YouTube-арнасында ұйықтар алдында жеуге ұсынылған азық-түліктер туралы кеңінен тараған пікірді жоққа шығарды. Оның сөзінше, кешке қышқыл сүт өнімдерін пайдалану ағзаға пайдалы емес екен.

"Жатар алдында бір стақан сүт ішкенде 1,5 қасық лактоза - инсулиннің шығарылуына байланысты қант бөлінеді. Қышқыл сүт өнімдеріне де инсулин бөлінеді",– деді дәрігер.

Оның айтуынша, кешке ботқа, ұсақ көміртектер мен жеміс-жидек те жемеген дұрыс. Диетолог жатар алдында ет, балық не басқа теңіз өнімдерін және шикі көкөніс жеуді ұсынды. Маман тіскебасар ретінде күні бойы қызанақ, қияр, болгар бұрышын жеуге болатынын айтты.