Ақтауда тұрғын үйлердің бірінде түлкі видеоға түсіп қалды
Ақтауда тұрғын үйлердің бірінде түлкі видеоға түсіп қалды
193
оқылды
Ақтауда тұрғын үйлердің бірінде түлкі анықталды. Тұрғындар жануарды видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Lada.kz. Жабайы түлкіні 6 наурызда таңғы 6-да 36 шағын аудандағы «Сандықтас» тұрғын үйінің тұрғындары байқаған. Оның кіреберіске қалай кіргендігі белгісіз. Видеода жабайы аңның шығатын жол таппай, қабырғаларға өрмелеп жатқандығы көрінеді. Видеожазбаның авторлары түлкіні далаға шығарып жіберген. https://youtu.be/X4iTHIIfzPU Осыған байланысты «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесінің басшысы Кирилл Осин өз пікірін білдірді. "Біреу оны пәтерінде ұстап, түлкінің қашып кетуі немесе оны әдейі сыртқа шығаруы мүмкін емес. Егер бұл соңғы үй болса, онда жануар жапан түзден қарны ашып келген болуы мүмкін", – дейді ол.