Қостанайда адам өлтірді деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды
Қостанайда адам өлтірді деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды
212
оқылды
Қостанайда ер адамды өлтірді деген күдікпен полиция қызметкері ұсталып, қамауға алынды. Оқиға бүгін түнгі сағат үштер шамасында Қостанай қаласында Тәуелсіздік көшесінде болған.
«Қостанай облысының Полиция департаменті 99-баптың 1-бөлігімен («Кісі өлтіру») 37 жастағы екі ер адамның арасындағы қақтығыс фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оның біреуі тіркелген мылтықтан оқ атқан. Алынған жарақаттан ер адам қаза тапты. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр», – деп түсіндірді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің полиция қызметкері екенін растаған. "Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ДП ішкі қауіпсіздік қызметі қызметтік тергеу бастады", – деп толықтырды департамент.