Ақтөбе облысында боранға байланысты жолдар жабылды
Ақтөбе облысында боранға байланысты жолдар жабылды
172
оқылды
Ауа райының нашарлауына байланысты Ақтөбе облысында тағы үш жол уческесі жабылды, деп хабарлайды ҚР ИИДМ. 8 наурыз күні елорда уақытымен сағат 17:00-де Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) «Самара-Шымкент» тас жолының 776-836 шақырымында (Белогорка - Хромтау) және 615-710 шақырымында (Қобда - Күршісай) барлық автокөлік түрлері үшін шектеу салынды. Сонымен бірге, сағат 16:30-да «Ақтөбе-Орск» тас жолының 39-136 шақырымында (Ш.Қалдаяқов ауылы – РФ шекарасы) барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектелді. Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) «Самара-Шымкент» тас жолының 394-526 шақырымында, Жымпиты кенті мен Ақтөбе облысының шекарасы арасында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектеледі.