Бораннан кейін бірнеше облыста жол ашылды
Бораннан кейін бірнеше облыста жол ашылды
223
оқылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бүгін таңғы 06:00 кезінде Ақмола облысында «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-200 шақырымы ашылған.

Бұл – Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысының шекарасы аралығындағы учаске. Таңертең Ақмола облысы шекарасынан Павлодар облысы Шідерті ауылына дейінгі тасжолда көліктің барлық түріне жүруге рұқсат берілді. Бұл – «Нұр-Сұлтан -Ерейментау-Шідерті» жолының 200-254 шақырымы. Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен - Семей» автожолының 10-198 шақырымында көлік қозғалысы жанданды. Бұл – Герасимовка ауылынан бастап Семей қаласына дейін апаратын жол. Бүгін таңғы 08:00 бастап «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман бұлағы» жолының 7-66 шақырымы, атап айтқанда, Ушанов ауылынан Серебрянск қаласына дейінгі аралық та жол ашылды.