Тұрғын үй бағасы тағы қымбаттады
Тұрғын үй бағасы тағы қымбаттады
140
оқылды

2020 жылғы ақпанмен са­лыстырғанда қол­даныс­тағы тұрғын үйдің бағасы 20%-ға, ал жаңа үйлер 8%-ға қым­баттаған.

Ақпан айында қолданыстағы пәтерлерді қайта сату құны 3,1%-ға өсіп, шаршы метрі 252,3 мың теңгеге жеткен. Ал жаңа үйлердің бағасы 1,2%-ға, шаршы метрі 323 мың теңгені көрсеткен. Ұлттық статистика бюро­сының мәліметінше, қол­да­ныс­­тағы тұр­ғын үйді жалға алу төлемі де өсіпті. Сөйтіп, 1,6%-ға артып, 2020 жылғы ақпанға қарағанда өсім 11,3 %-ға жетті. Жалға алу бағасы орта есеппен бір шаршы метр үшін 1 714 теңгені құрады. 2021 жылғы ақпанда Бәсе­ке­­­лестікті қорғау және дамыту агент­­тігі кейінгі бес айда Қа­зақ­станда жаңа үйлердің ба­ғасы 5%-ға өскенін хабарлаған-ды. Ал қол­­даныстағы үйлер бір­­ден 12,5%-ға қымбаттаған.

А.АЙДАРҚЫЗЫ