Қарияларға құрмет көрсетті
Қарияларға құрмет көрсетті
248
оқылды

Мереке қарсаңында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Nur Otan»  партиясы фракцияның мүшесі Динара Егембердиева «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Сайрам ауданындағы асыраушысынан айырылған жал­ғызілікті қарияларды құттықтады.

Кездесу барысында Динара Асылқызы олардың мәселелерін тыңдап, нақты шешілу жолдарын қарастырды. Ақсукент ауылының тұрғыны, жалғысбасты ана,  тыл ардагері үйінің алдындағы арық мәселесін айтып, өтінішін білдірді. Кезінде сарқырап су ағатын, іші кең болған арық бүгінде қоқысқа толып, су жиналып, жаңбыр жауса сыртқа тасып, үйін су алатынын жеткізді. Аталмыш мәселе бо­йын­ша Динара Асылқызы аудандық «Ақсу» мекемесінің ұжымына ха­барласып, мәселені тез арада шешу керегін айтып, жағдайды бақы­лауына алатынын жеткізді. Соны­мен қатар Ақбұлақ ауылының тұрғыны жалғызбасты Омаргүл ана айналасының барлығында табиғи газ бола тұра өзі көмір жағып, газ баллон қолданып отырғанын, бұл бір өзіне қиындық туғызатынын айтып, табиғи газ кіргізуге көмек сұрады. Мәселенің мән-жайымен танысқан халық қалаулысы табиғи газ кіргізу үшін бар мүмкіндіктерді қолданып, тиісті мекемелер ар­қылы шешетінін немесе өз қара­жаты есебінен көмектесуге уәде берді. Динара Егембердиева бұған дейін де жалғызбасты аналарға, қарттарға бірнеше рет көмек көрсетті. Жыл сайын сый-сияпатын апарып, олар­дың ақ батасын алып, мәсе­лесін тыңдап келеді. Сондай-ақ ол 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай өз қаражаты есебінен аудандағын 200-ге тарта қарияны ақ дастарқанға шақырып, бір уақыт мере­келік көңіл күй сыйлауды әдетке айнал­дырған. Депутат алдағы уа­қытта да қазыналы қарттарға  қам­қорлық көрсетуді жалғастыра беретінін айтты.

Әбілмансұр ЖАСАН