«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы көпбалалы, жалғызбасты аналарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себетін тарту етті.
Өз кезегінде шарапаты мол осынау іске облыстық, аудандық мәслихаттағы партияның депутаттық фракциясының мүшелері де атсалысып жатыр. Партияның ұйытқы болуымен қолға алынған қайырымдылық іс-шара аясында 200-ге жуық жамбылдық отбасына азық-түлік себеті таратылады. Жалпы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың мәселесі «Nur Otan» партиясының назарынан тыс қалған емес. Коронавирус инфекциясының таралуын шектеу мақсатында карантин шаралары енгізілген сәтте де Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен басталған BizBirgemiz акциясы аясында «Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілер 24 мыңға жуық жамбылдық отбасына азық-түлік себетін жеткізді. Сондай-ақ 33,7 мыңнан аса облыс тұрғыны 50 000 теңгеден алды.Әбілмансұр ЖАСАН