Түркістан облысының полицейлері заңсыз көші-қон ұйымдастырған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Келес АПБ-не жергілікті тұрғынның бірінен хабарлама келіп түсті. Белгісіз адамдар Өзбекстан Республикасынан заңсыз келушілерді шекарадан өткізіп, ақша алып жүргені туралы көрсетілген. Ақпарат алысымен облыстың тәжірибелі полицейлері, аудандық тәртіп сақшыларынан арнайы топ құрылды.
Барлық қажетті жедел іс-шаралары жүргізілді, жеткілікті ақпараттар жинақталды. Соның нәтижесінде, Келес ауданының екі тұрғыны Өзбекстан Республикасының азаматын шекарадан өткізбек болған жерінен ұсталды. Полицейлер заңсыз әрекет жасаған азаматтарды тінту барысында оның қалтасынан айғақты зат ретінде қағаз ақша тәркілеп алды. Одан бөлек, тергеу аясында екі күдікті тұрғын осы қызметтері үшін шетелдік азаматтан 20 мың теңге ақша алғандары анықталды.
Осыған орай тәртіп сақшылары заңды белшесінен басып, пайда тауып жүрген екі күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Біреуі шекарадан заңсыз өткісі келетін адамдарды тапса, екіншісі табылған адамды шекарадан жасырын өткізіп отырған.