32 жастағы әйел үйдің бесінші қабатынан секіріп көз жұмды
32 жастағы әйел үйдің бесінші қабатынан секіріп көз жұмды
126
оқылды

10 наурыз сағат 11:17-де Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне Керей, Жәнібек хандар көшесінде әйелдің мәйіті табылғаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Полиция өкілдері 32 жастағы әйел 5-қабаттың балконынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсағанын анықтады.

Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Кейбір ашық дереккөздерде марқұмның мәйіті елордадағы «Гүлістан» тұрғын үй кешені жанынан (Керей, Жәнібек хандар, 11) табылғаны айтылған.

Бұған дейін елордада түрмеден шыққан 400 адамның емін-еркін жүргені туралы ақпарат  тарағанын хабарлаған болатынбыз.