Екі облыста жол жабылды
Екі облыста жол жабылды
5,111
оқылды

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Қостанай облысында 10 наурыз сағат 22:00-ден бастап ауа райына байланысты «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 686-729 шақырымында, Сарыкөл ауылы мен Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралықта барлық көлік түрлерінің жүруіне тыйым салынды. Солтүстік Қазақстан облысында да «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 729-768 шақырымында, Қостанай облысының шекарасы мен Тоқсан би ауылының арасы барлық көлік түрлері үшін жабық.

Бүгін синоптиктер жауын жауып, көктайғақ болатынын хабарлады.